Қорғаныс шешімдері / КҚОО/АҚОО

Киберқауіпсіздік жедел орталығы

Тәулік бойы мониторинг

Біз Security Operations Center (SOC) форматындағы кешенді қызметті ұсынамыз — ол қаскүнемдерді зиян келтірмей тұрып анықтауға көмектеседі және заңнама талаптарына толық сәйкестікті қамтамасыз етеді. Киберқауіпсіздікті басқаруды кәсіби мамандарға тапсырып, өз бизнесіңізді дамытуға назар аударыңыз

Цифрлық активтерді зерттеу

Цифрлық активтерді зерттеу

Біз инфрақұрылымыңыздың құрамдас бөліктерін толық талдаймыз, техникалық ағып кету арналарын анықтаймыз және бірінші кезекте қорғауды қажет ететін осал жерлерді айқындаймыз.

АҚОО кімге қажет?

Біздің шешім масштабталады және кез келген көлемдегі ұйымдарға жарамды

/ 01

Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне және электрондық үкіметке

Маңызды инфрақұрылымның жоғары деңгейде қорғалуын және Қазақстан Республикасының реттеуші талаптарына сәйкестігін кепілдендіреміз

/ 02

Қаржы ұйымдарына

Төлем карталарының деректері мен транзакцияларды қорғау үшін enterprise деңгейіндегі қызметті ұсынамыз және ішкі ақпараттық қауіпсіздік командаңызға сенімді қосымша болып табыламыз.

/ 03

Шағын және орта бизнеске (ШОБ)

Штатты кеңейтіп, қымбат мамандарды жалдау қажеттілігінсіз мақсатты шабуылдардан тәулік бойы базалық қорғанысты қамтамасыз етеміз.

/ 04

Мемлекеттік мекемелерге

Дербес деректерді сақтайтын немесе өңдейтін компаниялар қолжетімділікті, күдікті белсенділікті, тіркелгілерді және қауіпсіздік инциденттерін мониторингілеуге ерекше назар аударуы қажет.

Біз қалай жұмыс істейміз?

Қосылу процесі

Өтінім

Сіз сайтта өтінім қалдырасыз

Аудит және шешім

Біз сұхбат жүргізіп, сіз сауалнаманы толтырасыз, содан кейін сарапшыларымыз инфрақұрылымыңызға сай оңтайлы тарифтік жоспар мен технологияларды таңдайды.

Шарт

Барлық қажетті құжаттар мен құпиялылық туралы келісімдерге қол қоямыз

Енгізу

Мониторинг жүйесін бизнес-процестеріңізге сай интеграциялаймыз және теңшейміз.

Іске қосу

Платформаның жұмысын тестілеп, компанияңызды тәулік бойы қорғауды бастаймыз.

Өз SOC-ымыздың нақты деректерінде көрсетеміз

30 минут: сіздің көз алдыңызда тестілік SIEM қосып, алертті тикетке дейін жеткізіп көрсетеміз.